Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау өңіріндегі екі ауылды құм басып барады

Опубликовано:

Маңғыстау өңірі
Фото: "Хабар 24" арнасы

Сазды және Жарма елді мекендері Ақтөбе ауылдық округіне қарайды. Желмен келетін құм шеткі жер үйлер мен мал қораларды көміп тастаған. Жергілікті тұрғындар ауласын қанша тазаласа да құм көшкінін тоқтатар дәрмені жоқ деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Жарма ауылы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе елді мекенінен 63 шақырым қашықта орналасқан. Сусыған құммен алысып шаршаған кей тұрғын басқа жерге көшіп жатыр. Қазір бар-жоғы 20 үй қалды. Ауыл азаматтары өз қаражатына техника жалдап, жылда күретеді екен. Алайда шыққан нәтиже шамалы.

"Мен 100 мың теңге мен 1 тай бердім. Екі күнде қорамның айналасын тазалап берді. Менің өзім, елдің не бергенін білмеймін. Жасатты әр-әрден шамасы келгендері. Күреп жатыр жігіттер. Бірақ қол күші болған соң өнеді ме жұмыс?!", – дейді ауыл тұрғыны Алдаберді Ақшабаев.

Өзекті мәселе жармалықтардың басын ауыртып жүргеніне 25 жылға жуықтады. Олардан 20 километр қашық қонған Сазды ауылы да осындай күй кешіп отыр. Жақын маңдағы Сауысқан деп аталатын шағын елді мекен былтырдан бері құм құрсауында қалған. Сексеуіл егу арқылы құм көшкінін тежеуге болатындығы сан рет айтылып жүр. Бірақ қаржы табылмай келеді.

"Біз жоба дайындап, жыл сайын қаражат сұрап отырмыз. Бұл приоритетке жатпай ма, бұл жерде комиссия шешеді. Бірақ жылда сұрадық. Өкінішке қарай қолдау таппады. Биыл біз одан қоймаймыз. Тағы да келесі жылдан сұрап көреміз енді", – табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ербол Денов.

Дайын жоба қаржыланған жағдайда 6 жылда жүзеге асуы тиіс. Бұған дейін Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік орталығы Ұштаған ауылында қолға алынды. 2006 жылдан бері 1300 гектар жерге жыңғыл және сексеуіл көшеттері егілді. Жасыл белдеу бүгінде сусымалы топырақты ұстап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907578-mangystau-onirindegi-eki-auyldy-qum-basyp-barady/

pixel