Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында бәзбіреулер кафеге кіріп, келушілерді соққыға жыға бастаған (видео)

Опубликовано:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысының тұрғындары кафелердің бірінде болған төбелес туралы хабарлады. Куәгерлердің сөзінше, бәзбіреулер ғимаратқа баса-көктеп кіріп, келушілерді ұра бастаған. Өңірлік полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Оқиға Ақшатау ауылындағы кафелердің бірінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, төбелеске 20 шақты адам қатысқан. Олар шабуылдаушылардың қаруланғанын, зардап шеккендердің кейбірі ауыр жарақат алғанын айтады.

Осы ретте Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл ақпарат асыра айтылған. Тәртіп сақшыларының дерегінше, жанжалға 20 емес, 8 адам қатысқан. Шабуылдаушылардың қолында қару болмаған.

Расымен де зардап шеккендер бар, алайда олардың жарақаты ауыр емес дейді құзырлы орган.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "Ақжол" кафесінде жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындаған. Бүлік болып, мүлікті қиратқан. Жанжал кезінде қару қолданылмаған. Қазіргі сәтте бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің басшысы Тимур Солодуха.

Видеодан аталған жайтты 13.05 минуттан бастап көруге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда құрылысшылардың "кірпішпен" атысқанын жазған едік.

Полицияның мәліметінше, екі құрылыс бригадасы қабырғааралық плиталарды тұрғызу кезінде сөзге келіп қалған. Оның арты төбелеске ұласқан.

"Кірпішпен атысуға" 20-25 адамның қатысқаны белгілі болды. Бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907585-qaragandy-oblysynda-bazbireuler-kafege-kirip-kelusilerdi-soqqyga-zyga-bastagan-video/

pixel