Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан тағы 28 қазақстандық көз жұмды

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 28 адам қайтыс болды. Бұл соңғы аптадағы ең үлкен көрсеткіш.

Денсаулық сақтау министрлігінің telegram арнасындағы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте коронавирустан 24 қазақстандық қайтыс болған, 1197 адам індеттен жазылып шыққан. Сонымен қатар 2016 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Қазір елімізде 35 178 адам COVID-19-дан емделуде. Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

586 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 11 сәуірдегі мәлімет бойынша аталмыш диганоз 10 адамнан анықталған. 4 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ тағы 101 адам ауруынан айыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 51 409 адам ауырып, 731 науқас көз жұмған. Барлығы 50 203 адам жазылып шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық инфекциядан сақтанудан шаршағанын, алайда бұрынғы қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы– бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру екенін бас айтқан еді.

"Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907612-otken-taulikte-koronavirus-pen-covid-19-belgileri-bar-pnevmoniyadan-tagy-28-qazaqstandyq-koz-zumdy/

pixel