Ғалымдар британиялық штамнан өлім-жітім қаупі жоғары деген мәліметті жоққа шығарды
Опубликовано:

Ғалымдар коронавирустың британиялық штамынан өлім-жітім қаупі жоғары деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Lenta.ru.
Сондай-ақ олардың мәліметінше, британиялық штамды жұқтырған адамда дерт ауыр түрде өтпейді. Дегенмен оның таралу қарыны өте жоғары.
Яғни өзге вирустарға қарағанда коронавирустың британиялық түрінің таралуы 1,35 есе жоғары екені анықталған.
The Lancet Infectouse Diseases ғылыми журналында зерттеу нәтижесін жариялаған ғалымдар Лондонның 341 тұрғынын бақылағанын айтады.
Олар екі қалалық клиникаға 2020 жылдың қараша айының басы мен желтоқсанның аяғы аралығында, вакцинация енді басталып жатқанда түскен.
Нәтижесінде екі топтағы пациенттер арасындағы өлім-жітімнің үлесі салыстырмалы түрде бірдей болып шыққан (16 және 17 пайыз).
Ауру белгілерінде де аса айырмашылық болмаған. Британиялық штамды жұқтырған пациенттердегі негізгі айырмашылық - үлкен вирустық жүктеме. Яғни, олардың қанында вирустық бөлшектердің саны көп.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық басқармасы коронавирустың британиялық штамына келесі белгілер тән екенін айтқан еді.
Олар: қатты шаршағыштық, тамақтың және бұлшықеттің ауыруы, жоғары температура, жақында пайда болған тұрақты жөтел және дәм сезімталдығының өзгеруі.
Мамандардың мәліметінше, британиялық штамда дәм мен иіс сезудің жоғалуы онша біліне бермейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907642-galymdar-britaniyalyq-stamynan-olim-zitim-qaupi-zogary-degen-malimetti-zoqqa-sygardy/