Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психолог бай болуға кедергі келтіретін әдеттерді атады

Опубликовано:

Байлық
Көрнекі фото: pixabay.com

Психолог Дмитрий Синарев бай болуға қандай әдеттер кедергі келтіретінін айтып берді деп хабарлайды "Прайм".

"Көп жағдайда жеткілікті өмір сүретін адамдар өзін кедей сезінеді. Себебі олардың үнемі өміріне көңілі толмайды және өзін әрдайым жоғары тұрған адамдармен салыстыра береді", - дейді маман.

Синарев өмірде үнемі бірдеңе жетіспей тұратын "кедей жандардың" бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, бақыттың құпиясы қарапайым - қолыңда барды бағалау.

Писхолог одан бөлек, "диванда жатып алып сын айтқанды жақсы көретіндер" туралы да айтты. Маман бұл қатарға тек өзін бағаламайтынын айтып, армандай беретіндерді жатқызады. Синаревтің айтуынша, олар өзін алға жетелеу үшін ешқандай әрекет жасамайды.

Қорытындылай келе, маман әркім өзін не маңызды екенін бағалап үйренуі қажет екенін айтады.

Мәселен, сіз аз жалақы аласыз, бірақ әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынастасыз онда бұны бағалау керек. Яғни сіз үшін ұжымдағы көңіл-күй маңызды болса, жұмыста қалыңыз. Ал табысыңыз маңызды болса, жақсы еңбекақы ұсынатын жерге ауысқаңыз дұрыс.

Дмитрий Синарев сөз соңында әрқашанда көңілден шығатын іспен айналысуға болатынын, алайда ол үшін қажырлы еңбек қажет екенін жеткізді.

Еске салайық, осыған дейін ресейлік психолог күйзеліске түсудің негізгі 6 белгісін атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907656-psixolog-bai-boluga-kedergi-keltiretin-adetterdi-atady/

pixel