Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жүргізуші полицейді көлігімен шамамен 30 метрге дейін сүйреп кеткен

Опубликовано:

Полицей
Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында көлік жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, олардың бірін көлігімен шамамен 30 метрге дейін сүйреп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторы полиция майоры Ертау Саурамбаев әріптесімен бірге жолдарды бақылау кезінде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады.

Полицейлер оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екенін түсіндіріп, оған қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырады.

Көлік жүргізуші
Фото: Түркістан облысы ПД

Осыдан соң полицей жүргізушіге терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын сұрайды. Алайда заңды талапқа бағынғысы келмеген тұрғын қасында тұрған полицейге қарамастан, көлігін айдап, тәртіп сақшысын 30 метрге дейін сүйреп кеткен.

Осылайша болған оқиғаның барлығы полицейдің бейнежетонына жазылып қалған. Бұл жайт бірден қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша тіркелген. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал автокөлік сол мезетте айыптұраққа қойылған.

Көлік
Фото: Түркістан облысы ПД

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда Audi автокөлігі жеке тұрғын үйге соғылып, қатты соққыдан үй қабырғасының кірпіші ұйықтап жатқан балаға құлағаны туралы жазған едік.

Төрт жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907674-turkistan-oblysynda-zurgizusi-policiya-qyzmetkerin-koligimen-samamen-30-metrdei-suiregen/

pixel