Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырған соң бетпердесіз жүруге бола ма

Опубликовано:

Бетперде2
Көрнекі фото: NUR.KZ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева коронавирусқа қарсы екпе салдырған азаматтарды адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауға шақырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы "Балаевадан үш сауал" бағдарламасында айтты.

Оның сөзінше, екпе салдырғаннан кейін азамат өзін жақсы сезініп тұрса, дене қызуы көтерілмесе және басқа да ауру белгілері болмаса, онда ол таза ауада серуендей алады.

"Мұның еш қаупі жоқ. Алайда адамдар көп шоғырланатын жерге бармаған абзал. Бетперде тағуды да ұмытпаған дұрыс. Өйткені, антиденелердің түзілуі вакциналаудан соң тек 12-14 күн өткеннен кейін басталады", – деді Нұршай Әзімбаева.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзі екпе салдырғанын мәлімдеп, енді вакциналаудан кейін қандай сақтық шараларын сақтау керектігі туралы сұрады.

"Екпе салдырғаннан кейін көп адамның ыстығы көтеріледі. Сол себепті дене қызуын басатын дәрі ішуге болады. Бірақ бұл күй екі күннен ұзаққа созылмайды. 2-3 күн монша мен саунаға бармай, жалпы шомылудан аулақ болу тиіс. Өйткені артериалды қысым көтерілу қаупі бар. Ал бұл ағзаның жалпы жағдайына әсер етеді", – деді Нұршай Әзімбаева.

Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы буын мен бұлшық еттегі қатты ауырсыну жағдайында дәрігерге қаралу керек екенін жеткізді.

"Егер шыдауға болатындай ауырсыну болса, онда арнайы ем қабылдамауға болады. Екі-үш күн өткен соң бұл симптомдар кетеді", – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы.

Сарапшы "Спутник V" препараты клиникалық зерттеулер кезінде 91 пайыз тиімділік деңгейін көрсеткенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907697-vakcina-saldyrgan-son-betperdesiz-zuruge-bola-ma/

pixel