Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен кептеліс: Алматы маңында ережесіз көлік жүргізгендер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kaskelenkz

Алматы маңында көлік кептелісінде тұрған жүргізушілер тобының жол ережелерін өрескел бұзуы видеоға түсіп қалды. Алматы облысының полиция департаментінде аталған жағдайға қатысты түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көліктердің жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан кем дегенде он жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемей, қарсы жолаққа шығып кетіп, жол жиегімен қозғалғаны көрінеді. Белгілі болғандай, видео Қарасай ауданында Шамалған станциясы мен Боралдай ауылы арасындағы жолда түсірілген.

"Асқан тәртіпсіздік! Алматы облысының полициясы қайда қарап отыр? Жолда қауіпсіздік деңгейі нөлге тең", – дейді автор.

Аймақтық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді. Департамент жауапкершілікке тарту үшін заң бұзушылар анықталып жатқанын айтты.

"Видео назарға алынды. Қарасай ауданының патрульдік полициясының ротасы жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар ұйымдастырды.

Расында да, Шамалған-Боралдай тас жолының кейбір учаскелерінде кептелістер көлік қозғалысының үлкен ағынына байланысты орын алады. Соған орай жолды патрульдеу тәулік бойы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта көрсетілген аумақты патрульдік полиция қосымша экипаждарды жұмылдырумен арнайы бақылауға алады", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жыл басынан бері көрсетілген бөлімде ӘҚБтК-нің 596-бабы бойынша 50-ден астам жүргізуші жазаланғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907727-ulken-keptelis-almaty-manynda-erezesiz-kolik-zurgizgender-videoga-tusip-qaldy/

pixel