Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды фармацевтикалық кешені сәуірде 1,5 млн доза вакцина өндірмек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қарағанды фармацевтикалық кешені 600 мың доза көлемінде вакцинаның алғашқы ірі партиясын жеткізді. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін вакцинаның қосымша 900 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр деп хабарлайды Фармацевтика кешенінің Telegram арнасы.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцина өндірісінің көлемі сәуір айында 1,5 миллион дозаға жетпек.

"Жалпы, Қазақстан аумағында "Спутник V"вакцинасына тіркеуді алған күннен бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені аталған вакцинаның 958 мың дозасы өндіріп жеткізді. Сонымен қатар, Ресейде өндірілген "Спутник – V" вакцинасының 52 мың дозасын жеткізуді жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Қарағанды фармацевтикалық кешені "Спутник V" вакцинасының өндірісі мен жеткізілуі бекітілген кестеден ерте жүзеге асырылып келетінін мәлім етті.

Ведомство қызметкерлері препаратты әрі қарай алып жүру - фармакологиялық қадағалау, яғни ұнамсыз құбылыстарды мониторингілеу, пациенттердің өтініші мен шағымдарын жинау, талдауды жүзеге асырмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907739-qaragandy-farmacevtikalyq-keseni-sauirde-15-million-doza-vakcina-ondirmek/

pixel