Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам ойламаған жерден табылды

Опубликовано:

Ер адам11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 60 жастағы ер адамды тапты деп хабарлады Polisia.kz.

Ордабасы полицейлері Темірлан ауылында рейд жүргізу кезінде түнгі сағат 03:00 шамасында көшеде келе жатқан ер адамды тоқтатып, аты-жөнін сұраған. Егде жастағы жаяу жүргінші өзінің атын білмейтінін жеткізіпті.

Одан бөлек, сөйлеген сөздері де анық болмаған.

Оның жеке басын анықтау мақсатында ер адамды Ордабасы аудандық полиция бөліміне алып барыпты. Осылайша егде жастағы кісінің Шымкент қаласының полиция департаментінде із-түзсіз жоғалғандар бойынша тіркеуде тұрған 60 жастағы еліміздің үшінші мегаполисінің тұрғыны екені анықталды.

Полиция қызметкерлері науқас кісінің туған-туыстарын іздестіріп, оларға хабар берген. Көп ұзамай ұлы Ордабасы аудандық полиция бөліміне келіп, тәртіп саұшыларына өзінің алғысын білдіріп, әкесін алып кетті.

"Әкем үйден себепсіз шығып, жоғалып кеткен еді. Бүгін міне, түнгі сағат 04:00-де Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тауып беріп отыр. Оларға алғысымды айтамын", – деді Ержан Асанбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907799-turkistan-oblysynda-zogalyp-ketken-60-zastagy-er-adam-oilamagan-zerden-tabyldy/

pixel