Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ AstraZeneca вакцинасының 3,2 млн дозасын сатып алғаны туралы ақпарат рас па

Опубликовано:

AstraZeneca препараты
Фото: Jens Schlueter/Getty Images

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі AstraZeneca вакцинасының бірнеше миллион дозасы біздің елге сатып алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Қазақстанның денсаулық министрі AstraZeneca вакцинасына тапсырыс бергені туралы ақпарат тарап кетті. Ғаламторда есіп жүрген деректерге сәйкес, еліміз аталмыш екпенің 3,2 млн дозасын сатып алмақ.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жаңалыққа қатысты бірден пікір білдірді.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Компанияның барлық өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде" , - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды фармацевтикалық кешені сәуірде 1,5 млн доза вакцина өндірмек екенін хабарлаған болатынбыз. Фармацевтикалық кешен 600 мың доза көлемінде вакцинаның алғашқы ірі партиясын жеткізді. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін вакцинаның қосымша 900 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907833-dsm-astrazeneca-vakcinasynyn-32-mln-dozasyn-satyp-algany-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel