Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда достарының "сәтсіз пранкі" үшін дүкен иесі жазаланды

Опубликовано:

Жәбірленуші қыз11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысының полициясы достарының "сәтсіз пранкі" үшін дүкен иесінің өзін жауапкершілікке тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Махамбет ауданы полиция бөліміне белгісіз әйел хабарласып, аудан орталығындағы өзі иелік ететін дүкенді тонап кеткені туралы мәлімдеген.

Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы оқиға орынына жіберілген. Тексеру барысында хабарлама жалған болып шыққан.

Артынан белгілі болғандай, шағымданушы әйелдің таныстары оған "дүкенін тонап кеткенін" айтып әзілдеген. ​

"Дүкен иесі жағдайдың растығына көз жеткізбестен жалған хабарлама бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Тұрғындарға арнайы қызметтердi жалған хабарлама бойынша шақырған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты қылмыстық сот процесі жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Экс-шенеуніктер не үшін айыпталып жатқанын прокурор Нұржан Жангереев оқып берді.

Айта кетсек, олардың ұсталғаны туралы ақпарат 2020 жылдың қыркүйегінде пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907903-atyrauda-dostarynyn-satsiz-pranki-usin-duken-iesi-zazalandy/

pixel