Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жетекшісіне халықаралық іздеу жарияланды": Алматы полициясы тағы бір қаржы пирамидасын анықтады

Опубликовано:

Қаржы пирамидасы
Көрнекі фото: polisia.kz

Алматыда "Astra Consulting agensy" ЖШС қаржы пирамидасы ретінде танылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық тергеу басқармасының мәліметінше, осы компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы арыз полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскен.

Бүгінде күні зардап шеккендердің саны 124 адамға жеткен.

Қазіргі таңда азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы дивиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынған. Оның жетекшісіне халықаралық іздеу жарияланған.

"Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржы пирамидасы) бойынша квалификацияланды. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 миллион 245 мың 283 теңгені құрап отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізеді. Заңсыз әрекеттердің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Құзырлы орган жоғарыда аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тергеушімен (8-701-732-86-54 нөмірі арқылы) байланысуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі №55 үйге келіп ресми өтініш жазуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907926-zeteksisine-xalyqaralyq-izdeu-zariyalandy-almaty-policiyasy-tagy-bir-qarzy-piramidasyn-anyqtady/

pixel