Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нигерияда мектеп өртеніп, 20 оқушы қайтыс болды

Опубликовано:

Нигерия
Фото: myc.news

Нигерияның Ниамея аймағында мектепте өрт болып, дайындық және төменгі сыныптың 20 оқушысы қаза болды деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасаған zakon.kz.

Өрттен қайтыс болған балалардың ең үлкені 9 жаста.

Myc.news басылымның хабарлауынша, Нигерияның премьер-министрі Оухумуду Мухаммаду өрт себебін анықтауға уәде берген.

"Бұл алдын қасақана жасалған қылмыс болса, кінәлілер жауапқа тартылады", - дейді ол.

Полицияның мәліметінше, өрт сыныптардың біріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан басталған.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары мен төтенше қызмет азғантай уақытта өртті ауыздықтай алған.

Нигерия
Фото: myc.news

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Атырау облысы Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққан еді. Оқиға орнына шұғыл жеткен полция қызметкерлері үш баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды.

"Біздің қызметкерлер қауіпті жерде ешкім қалып қойған жоқ па деп пәтерлерді мұқият қарап шықты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ", - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі төтенше жағдай жайында.

Ал оған дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жеке үйде жарылыс болып, салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. Оқиға 11 наурызда сағат 16:00-де Ақжар ауылында болған.

Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ кейін үйдің ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсатының сақталғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907936-nigeriyada-mektep-ortenip-20-bala-qaitys-boldy/

pixel