Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әр уақытта әр түрлі ақпарат көрсетеді: Алматыда интерактивті жол белгілері не үшін орнатылған

Опубликовано:

Бағдаршам мен жол белгілері
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматы полициясы қалада интерактивті жол белгілері не үшін орнатылғанын түсіндірді деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Осыдан бірер күн бұрын Алматыда Талғар трактісі мен Хантенгри көшесінің қиылысында әр уақытта әр түрлі ақпарат көрсететін электрондық жол белгісі пайдалануға берілді.

Бұл белгі SMD LED технологияларын қолдана отырып, EN12966 еуропалық стандартына сәйкес жасалған. Оған қоса, ол жол белгілерінің түрлі-түсті кескінін жоғары ажыратымдылықпен көрсетуге мүмкіндік беріп, жүргізушілердің белгіні қабылдау қателігін жояды.

Жол белгілерінің қажетті суреті тәуліктің уақытына сәйкес немесе АТЦС басқару орталығынан қашықтықтағы қозғалыс жағдайына сәйкес арнайы электронды блок арқылы көрсетіледі.

"Ауыспалы ақпараты бар қозғалыс белгісінің жұмыс режимі 06 сағат 00 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін, 4.1.1 “Тіке алға қозғалу” және 11 сағат 00 минуттан 6 сағат 00 минутқа дейін, 4.1.5 “Тіке алға немесе солға қарай жүру”. Бұл көлік қозғалысын реттеудің жаңа техникалық құралдары қаланың жол желісіне кеңінен енгізу, күрделі көлік түйіндерінде басқарудың икемді (интеллектуалды) режимдерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылды" , – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, 1 сәуірден бастап шаһарда жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907974-ar-uaqytta-ar-turli-aqparat-korsetedi-almatyda-interaktivti-zol-belgileri-ne-usin-ornatylgan/

pixel