Энергетика министрлігі бензин бағасының өсуіне қатысты жауап берді

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанның энергетика министрлігі ЖММ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін шара қолдануға шақырған мәжілісмен Альберт Рауға жауап берді. Ведомство еліміздегі бензин бағасының күрт өсуін түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері еліміздің ішкі нарығында ЖҚС-та бензиндердің бөлшек сауда бағасының өсуі байқалатынын растады. Алайда, олар мұнай өнімдеріне бағаны мемлекет емес, нарық реттейтінін атап өтті.

"Соңғы апталарда шекаралас аймақтарда бензинді бөлшек саудада сатудың айтарлықтай өсуі байқалады. ЖЖМ-ға төмен баға дәлізін жер қойнауын пайдаланушылар өңделетін шикізатқа неғұрлым төмен баға беру арқылы әрдайым субсидиялаған. Мұнайдың экспорттық бағасының айырмашылығы 1 тонна үшін 50$ шамасында болды, қазір ол мұнай жеткізу бағытына байланысты 1 тонна мұнай үшін 80-130$ дейін өсті.
Бүгінгі күні АМӨЗ-ге өңдеуге жеткізілетін мұнай бағасы тоннасына 20-45 мың теңге деңгейінде ауытқиды, бұл қайта есептегенде барреліне 6,5-15,2$ құрайды. Бұл ретте мұнайдың нарықтық бағалары бүгінде барреліне 60$ асты", - деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

Ведомство мәліметінше, бензин бағасының күрт өсуне екі фактор әсер еткен.

  • Атырау МӨЗ-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары;
  • Шымкент МӨЗ-ін жөндеуге күтілетін жоспарлы тоқтау туралы ақпарат.
"Мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандырудың құралы ретінде Энергетика министрлігінің құзыреті заң аясында мұнай өнімдерінің ресми экспортқа шығатын көлемін реттеу қарастырылған. Осы механизм шеңберінде 2021 жылдан бастап министрлік экспортқа жөнелтуді алып тасталды. Жалпы елдегі АИ-92 бензинінің ағымдағы қоры жайлы деңгейде – қабылданған шаралар арқасында жылдың басымен салыстырғанда қор іс жүзінде 60 мың тоннаға өсті, яғни 270 мың тоннаға жетті. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, нарықтағы бағаның тұрақтануы күтілуде", - делінген министрліктің жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907987-energetika-ministrligi-benzin-bagasynyn-osuine-qatysty-zauap-berdi/