Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген (видео)

Опубликовано:

Ақша
Видеодан кадр: Қаржы мониторингі агенттігі

Павлодар облысында төрт жылдан астам уақыт бойы "өзара есеп айырысу" бойынша жалған есеп құжаттарын берумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық топ контрагенттік кәсіпорындарға салықтан жалтаруға көмектескен.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келген.

Іс Павлодар сотында қаралды. Айыпталушылар жалған шот-фактура жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сотталғандар 5 жыл мерзімге дейін қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқара алмайды.

Еске салсақ, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істеген екі компанияны әшкерелеген еді.

Ведомствоның дерегінше, компаниялар "Otbasy men jastardy qoldau qory" Корпоративтік қоры және "Invest Consulting Agensy" ЖШС ретінде жұмыс істеп, азаматтардың қаражатын заңсыз тартқан.

Салдарынан мемлекетке 300 млн теңгеден астам шығын келген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі қажетті барлық тергеу шаралары жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сонымен бірге зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908030-pavlodar-oblysynda-qylmystyq-top-memleketke-500-million-tenge-sygyn-keltirgen-video/

pixel