Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бас дәрігері жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген жантүршігерлік видеоны көрсетті

Опубликовано:

Аурухана
Видеодан кадр: instagram.com/bakhytzhan_pozilov

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген кадрларды жария етті. Ол коронавирус жұқтырғандарға лық толы мекеменің видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

Бастапқыда кадрда Бақытжан Позиловтың өзі пайда болып, содан кейін ол науқастар жатқан кереуеттерді көрсетеді.

Олардың кейбірі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Енді бір пациенттерге дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Бақытжан Позиловтың сөзінше, жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан науқастар көп. Олардың дені 25 пен 40 жас аралығындағы жастар. Пациенттердің жағдайы өте ауыр.

Осы ретте Шымкенттің бас дәрігері азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.

"Бүгінде вакцинация бұл қауіпті аурудан қорғанудың жалғыз тиімді жолы болып отыр. Екпе ауру жұқтырудың және аурудың асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді. Бізге көмектесіңіздер! Дәрігерлік ресурстар шектеусіз емес! Біз тек бірлесіп қана вирусты жеңе аламыз!", - дейді Бақытжан Позилов.

Оның сөзінше, "Спутник V" вакцинасын тегін салдырғысы келгендер қаладағы мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерге жүгіне алады.

Айта кетсек, Шымкент 15 сәуірден бері коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. Өткен тәулікте 119 тұрғыннан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Қалада карантиндік шаралар да күшейтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908330-symkenttin-bas-darigeri-zuqpaly-aurular-auruxanasynda-tusirilgen-zantursigerlik-videony-zariya-etti/

pixel