RU

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Қарағанды облысының Балқаш ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатқа ұшырады. СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы құлаған деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің telegram арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 16 сәуірінде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының оқу-авиациялық орталығында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде қонуға бет алған уақытта СУ-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшақ апатқа ұшырады.

Ұшақ экипажы шығарылған, ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында.

Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908368-qaragandy-oblysynda-zoigys-usaq-apatqa-usyrady/