Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Елімізде «қызыл аймақта» тұрған өңірлер белгілі болды

Опубликовано:

қызыл аймақ
Көрнекі фото: 24.kz

Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

2021 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймаққа» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы деректер бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2822 адамнан коронавирус анықталғаны туралы хабарлаған едік.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 653,

Алматы қаласында - 680,

Шымкент қаласында - 121,

Ақмола облысында - 89,

Ақтөбе облысында - 161,

Алматы облысында - 248,

Атырау облысында - 119,

Шығыс Қазақстан облысында - 98,

Жамбыл облысында - 41,

Батыс Қазақстан облысында - 114,

Қарағанды облысында - 205,

Қостанай облысында - 29,

Қызылорда облысында - 75,

Маңғыстау облысында - 76,

Павлодар облысында - 35,

Солтүстік Қазақстан облысында - 43,

Түркістан облысында - 35 адамнан қауіпті вирус анықталып отыр.

Осылайша, жалпы Қазақстан бойынша коронавируспен ауырғандар саны 284173-ке жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908381-qauipti-indet-elimizde-qyzyl-aimaqta-turgan-onirler-belgili-boldy/

pixel