Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елордалық аң-таң болды

Опубликовано:

Вакцина
Фото: US Secretary of Defense

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына дәрігерлер қытайлық вакцина салған. Мұны тұрғын екпе куәлігінен көріп, аң-таң болыпты. Бірақ медицина мекемесінің қызметкері екпе саларда "Спутник-V" вакцинасын саламыз деп ауызша ескерткен деп хабарлады Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, елордалықтың мәселесіне қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берген. Жауаптылар фармаколог дәрігер ақпараттық жүйеге тұрғын туралы мәліметтерді енгізгенде препараттың атауын шатастырып алғанын айтып отыр. Ал бұл жүйеде бүгінде қолданыста жүрген барлық вакцинаның атауы бар көрінеді.

"Басқарманың қоймаларында қытайлық вакцина жоқ. Яғни, бізде тек ресейлік "Спутник-V" және де ГамКовидВак. Сол себепті бар болғаны субъективті қате шықты. Науқасқа ешқандай қытайлық вакцина салынған жоқ", - дейді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ел ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін салдырғандардың саны 576 мыңнан асқан, ал 2-і компонентін қабылдағандар 112 202-ге жетті. Оның ішінде елорда, Алматы, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары екпе алу бойынша алда келеді. Ал Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында вакциналау баяу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте үш мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан.

Автор: Л. Қуанышқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908401-vakcina-saldyrgannan-keiin-ekpe-kualigin-asyp-korgen-elordalyq-an-tan-boldy/

pixel