Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында әкесі мен қызы сарқырамаға құлап кетті: Желіде оқиғаның видеосы пайда болды

Опубликовано:

фото
Видеодан кадр: instagram.com/kokshetauasia

Әлеуметтік желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Оқиға Ақмола облысында орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео кадрынан ер адамның баланы кеудесіне қысып, судың ортасындағы тасқа жармасқанын байқау қиын емес.

Роликте айналадағы адамдардың жанұшыра айқайлағаны да естіледі. Алдын ала болжам бойынша, бұл Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сарқырама.

"Әкесі қызымен бірге сарқырама алдында суретке түспек болған. Анасы мен айналадағы адамдар оны райынан қайтаруға тырысты, алайда еш нәтиже шықпады. Қыз тастан құлап кетіп, әкесі артынан секірді. Екеуі де судан шығарылды", - деп мәлімдеді оқиға куәгерлері.

Зеренді ауданының әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 16.35-те аудандық ауруханаға Көкшетауда тұратын 2015 жылғы бала түсті. Ол жеңіл-желпі жарақат алған. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткеннен кейін, бала үйіне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908458-aqmola-oblysynda-akesi-men-qyzy-sarqyramaga-qulap-ketti-zelide-oqiganyn-videosy-paida-boldy/

pixel