Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг топ оңтүстік астанада 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылғанын хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Мониторинг топ карантин шараларының сақталуын тексеру кезінде Ақан Сері көшесінде орналасқан "Симфония" кафесінде банкетке дайындық фактісін анықтаған. Осылайша, 60 адамға арналған той тоқтатылған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев шараны ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасалғанын жеткізді.

Оның сөзінше, шектеу іс-шараларын бұзу фактісі бойынша заңды тұлғаға тиісті материалдар ресімделіп, мәліметтер сотқа өткізіледі. Нысанға 230 айлық есектік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынды.

Мониторинг тобының жедел жұмысының арқасында адамдардың жаппай жиналуы және жұқтыру қаупі жоғары шара өткізілмеді.

Алматы әкімдігі, қала тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қалада енгізілген барлық шектеу шараларын орындауға шақырады.

Тәуекел тобындағы адамдарға, созылмалы аурулары бар қарт адамдарға - мүмкіндігінше үйде отыруға және әлеуметтік байланыстардан, атап айтқанда тойларға, жерлеу рәсімдеріне және т.б. шараларға қатысудан аулақ болуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908467-almatyda-60-adamga-arnalgan-toi-bastalmai-zatyp-toqtatyldy/

pixel