RU

Қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына қатыса ма

Фото
Фото: mgorod.kz

Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі Виталий Адамович онлайн брифинг кезінде осы жылы қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңда өтетін парадқа қатысуы жоспарланбаған.

"Ал өткен жылы біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған әскери шеруге қатысқаны белгілі", – деді қорғаныс министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар Виталий Адамович Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу туралы да сөз етті.

Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық аймақтарында онлайн режимде өтетін болады, деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, "Жас сарбаз" қозғалысының бірқатар іс-шаралары жоспарлаған.

Атап айтқанда, жас патриоттар Қарулы Күштер ардагерлерін құттықтайды. Әр аймақта эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиналыстар өтеді.

Ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған шеру өткізілмейтін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908472-qazaqstandyq-askeri-qyzmetsiler-maskeudegi-zenis-paradyna-qatysa-ma/