Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысы кенеттен жоғалып кеткен: Жамбылдық полицейлер адам ұрлығы қылмысын ашты

Опубликовано:

Полиция11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері адам ұрлады деп күдіктелгендерді ұстады. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы органның басшысы Жанат Сүлейменовтің мәліметінше, полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған және полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталған.

Ал жәбірленушіні полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапқан.

Полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте түннің бір уағында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалған болатын.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Кейін құзырлы орган алып қашудың құрбаны болған қыздың табылғанын, сондай-ақ күдіктілердің де ұсталғанын мәлім етті.

Келеңсіз жайтқа тап болған арудың айтуынша, өзін аса таныс емес ер адам үйлену мақсатында достарымен бірге көлікке күштеп мінгізіп, үйіне апарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908718-tuysy-kenetten-zogalyp-ketken-zambyldyq-policeiler-adam-urlady-dep-kudiktelgenderdi-ustady/

pixel