Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол құрылысына жауапты тағы 4 шенеунік қызметінен босатылды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Президенттің тапсырмасымен жол құрылысына жауапты 4 шенеунік қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.

Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін президент еліміздегі жол сапасын сынға алған болатын. Кейін жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылған еді.

Берік Уәлидің сөзінше, барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Мемлекет басшысы алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908770-zol-qurylysyna-zauapty-tagy-4-seneunik-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel