Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте сегіз жасар баланы темір әткеншек басып қалды

Опубликовано:

Әткеншек
Фото: centralasia.media

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында сегіз жасар баланы темір әткеншек басып қалды деп хабарлайды centralasia.media.

Бұл жайында әлеуметтік желіде марқұмның әкесі хабарлады. Ол президент аппараты мен прокуратураға ашық хат жазған.

Хатта 17 сәуір күні "Водник" алабындағы №1, 2 және 3 үй алаңдарында балалар алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілгені, аббаттандыру қызметінің қызметкерлері жұмыс жүргізіліп жатқан орынды қоршамағаны, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны айтылған.

Салдарынан сегіз жасар баланың үстіне темір әткеншек құлап, басып қалған. Ол көз жұмған.

Енді жеткіншектің жанұясы прокуратура мен президент аппаратынан бұл жұмыстарды жүргізген жауапты тұлғаларға шара қолдануды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 5 жасар баланың үстіне футбол алаңының қақпасы құлап кеткен еді. Ауыр жарақат алған бүлдіршін медициналық орталыққа жедел жеткізілген болатын.

Бұл жайтқа балақайдың ата-анасы ойын алаңында орналасқан құрылғыларды дер кезінде бекітпей кеткен мердігер мекемені кінәлап отыр.

Олардың сөзінше, 2016 жылы салынған алаңның темір қақпалары о баста дұрыс орнатылмапты. Не қоршауға, не жерге бекітілмепті.

Ал аудан әкімдігі бұл жағдайға мердігердің қатысы жоқ екенін айтады. Себебі тұрғындардың өзі мердігер мекемеден қақпалардың ауыспалы болуын, тасымалдауға ыңғайлы болуын сұраған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908789-taskentte-segiz-zasar-balany-temir-atkensek-basyp-qaldy/

pixel