Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көлік өртенді (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда "Әйгерім-2" шағынауданында қоғамдық көлік өртенді деп хабарлайды Қазақпарат.

Төтенше жағдай бүгін, сағат 11:00 шамасында болған.

Қалалық төтенше жағдай департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Қызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыған.

"ТЖД "101" пультіне 20 сәуір күні түскі сағат 11-лер шамасында куәгерлерден Алатау ауданы "Әйгерім-2", шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин көшелерінің қиылысында автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті. 7 минуттің ішінде келген өрт сөндірушілер "Лиаз" маркалы автобустың жанғанын анықтаған. Тез арада көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын суытуға бөлек өрт оқпандары берілді" , - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жау сағат 11:22-де ауыздықталып, жеті минутта толықтай сөндірілген.

Фото
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес бірдей жолаушылар автобусы өртеніп кеткенін жазған болатынбыз. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өрт 5 наурызда, жұма күні кешкі уақытта болған. Басында ССЕР компаниясының тұрағында тұрған бір автобус жанған, кейін жалын қасындағы төрт автобусқа ойысқан.

Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш өрт сөндіру техникасы мен 30 адам жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908812-almatyda-qogamdyq-kolik-orttendi-foto/

pixel