Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Министрлік әрбір ауылдық округтегі штаттағы спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайды.

Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген", - деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артатынын айтты.

"Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауылдық елді мекен тұрғындарының 42 пайызын дене шынықтыру және спортпен қамту жоспарланған", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, елімізде ауылға жұмыс істеуге көшіп барған медицина қызметкерлеріне көтерме жәрдемақыны көбейту, сондай-ақ оларды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

"Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар қажеттілігін қамтамасыз ету үшін аймақтармен біріге отырып, шаралар қабылдадық. Мысалы, жәрдемақыны 100-ден 1000 АЕК-ке дейін арттыру қарастырылған", – деді ол сейсенбідегі үкімет отырысында.

Осылайша, медицина қызметкерлеріне төленетін көтерме жәрдемақының мөлшері 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін ұлғаймақ (2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш негізінде).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908818-elimizde-zattyqtyrusy-oqytusylardyn-zalaqysy-2-ese-artady/

pixel