Қапшағайда казино күзетшісі мониторингтік топ тексеріп келген уақытта оқ атқан

Опубликовано:

Казино
Көрнекі фото: Pexels.com

Қапшағайдағы казинода орын алған жағдайға байланысты тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша, ойын мекемесінің күзетшісі бақылау тобын ішке кіргізбес үшін аспанға оқ атқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 18 сәуір күні сағат 23:00 шамасында орын алған.

"Күзетші монитрингтік топтың жұмысына қарсылық танытты. Ол өз қаруымен аспанға бір рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Ер адам сол жерде қолға түсті, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деді полицияys4 баспасөз қызметі.

Бұл фактіге сәйкес, қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған

"Күдікті Қапшағай қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изольяторына тоғытылды", - деп хабарлады ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада түнгі клубқа келген тексерушілерді екі сағат бойы ғимаратқа кіргізбей қойған. Бұл туралы мониторингтік топтың мүшесі Сәбит Сұлтан айтты. Оның сөзін өңірдің полиция департаменті растады.

Сәбит Сұлтанның айтуынша, олар демалыс күндері қалалық әкімдік пен полиция қызметкерлерімен бірге карантин шараларын түсіндіру және тексеру үшін ғимараттарды аралап шығады.

Сондай күндердің бірінде "Ален" түнгі клубында санитарлық нормаларды бұзып, кальян шегіп отырғаны туралы хабарлама түскен. Суреттерді ғимараттағы меймандар жіберген.

Мониторингтік топ тез арада оқиға орнына жеткен, алайда күзет бейнебақылау камераларынан әкімдік қызметкерлері мен полицейлерді көріп, есікті жауып тастаған.

Осылайша, клуб қызметкерлері екі сағат бойы тексерушілерді кіргізбеген.

Топтың басқа мүшелерінің сөзінше, клуб ішінде клиенттер шулап, депозитке төлеген ақшаны қайтарып, өздерін шығаруды талап етіп жатқан. Бірақ, күзет оларға да рұқсат бермеген.

Осы уақыт аралығында клуб маңына тәртіп сақшыларының бірнеше жасағы жиналып, кейіннен қалалық полиция басқармасының бастығы, қала әкімінің орынбасары келген. Клуб тек сағат түнгі 12-лер шамасында меймандарды шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908845-qapsagaida-kazino-kuzetsisi-monitoringtik-top-tekserip-kelgen-uaqytta-oq-atqan/

jitsu gif