Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов педагогтар жұмысына қатысты жаңа тапсырма берді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов1
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің біліктілігін арттыру ісінде басым бағыттар жаңартылатынын мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біліктілікті арттыу жұмысындағы басымдықтарды өзгерту керек. Бұл айдан анық. Біріншіден, соңғы жылдары пән бойынша курстар өте аз өткізілді. Көбінесе біз әдістеме бойынша, басқа курстарды өткіздік. Бірақ пән бойынша курстар өте аз өткізілді. Сондықтан қазір бізден педагогтер пән бойынша курстар өткізуімізді сұрап отыр», - деді министр ведомствоның аппарат мәжілісінде.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламасын жаңартып отыру керектігін ескертті.

«5 жылда бір рет қана өткізілетін ақысыз курстармен мұғалімдерді толық қамти алмай отырмыз. Сондықтан бұл мәселені де шешуіміз керек. Жаңа ғана әріптестеріміз айтты, бағдарламаларды толығымен жаңарту керек.
Бір бағдарламамен бірнеше жыл жұмыс істеуге болмайды. Онлайн тізілімді қалыптастырып, барлық бағдарламаларды орналастыру қажет. Ол мұғалімдерге де жалпы қоғамға да қолжетімді болуы керек. Нені үйретіп жатқанымызды, қандай бағдарламалармен үйреніп жатқанымызды білуге мүмкіндік болуы тиіс», - деді ведомство басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908857-aimagambetov-pedagogtar-zumysyna-qatysty-zana-tapsyrma-berdi/

pixel