Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: azh.kz

Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптары қатаңдатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,4%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,372 .

"Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан, Аягөз аудандары мен Семей қаласының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер және полиция департаменттері, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Алматы облысы тарапына қойылатын - 2, Қарағанды облысының тұсындағы - 1 және Аягөз ауданы аумағындағы 2 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

"Қызыл" аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР-сынаманың теріс нәтижесі туралы (мерзімі үш тәуліктен аспайтын) анықтаманың болуы міндетті. Бірақ бұл талап Аягөз ауданы шекарасындағы облысішілік санитарлық бекеттерге қолданылмайды", - делінген құжатта.

Сонымен қатар Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар әлеуметтік-экономикалық объектілерде карантин шектеулерінің сақталуын қадағалауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908859-zana-qauly-sqo-aumagyna-kirip-syguga-sekteu-qoiyldy/

pixel