Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Атырауда 33 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 33 науқас жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін 2 068 төсек-орны бар 11 инфекциялық стационар, 81 реанимациялық төсек дайындалған.

Атырау қаласында 430 төсек-орынға арналған 3 стационар, Теңіз кен орнында 1 360 төсектік стационар, ал 7 ауданда 278 төсектік инфекциялық стационарлар жұмыс істейді.

"Соңғы мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарларда қауіпті індетке шалдыққан 606 адам ем қабылдау үшін оқшауланды.

Оның ішінде модульдік ауруханада – 179, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 150, аудандардағы стационарларда – 131, облыстық аурухананың стационарында – 106, фтизиопульмонология орталығындағы стационарда 40 науқас емделіп жатыр. Ал үй жағдайында 1111 адам ем алуда" -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, жансақтау бөлімінде 33 науқас жатыр.

Оның 5-еуі бұрынғыша өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы қайтадан "қызыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908864-koronavirus-atyrauda-33-nauqas-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel