Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

намаз147
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Райымбек ауданының полиция бөліміне Нарынқол ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне кіріп, садақаға жиналған ақшаны ұрлап кеткені туралы айтқан. Ұрылар 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолды қылған.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдікті – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, бөлмеден садақаға арналған ақшаны алып кеткен. Күдікті ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады", – деп хабарлады Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нурдаулетов.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгін Алматыда "Әйгерім-2" шағынауданында қоғамдық көлік өртенді.

Төтенше жағдай бүгін, сағат 11:00 шамасында болған. Қалалық төтенше жағдай департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Қызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыған.

"ТЖД "101" пультіне 20 сәуір күні түскі сағат 11-лер шамасында куәгерлерден Алатау ауданы "Әйгерім-2", шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин көшелерінің қиылысында автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті.

7 минуттің ішінде келген өрт сөндірушілер "Лиаз" маркалы автобустың жанғанын анықтаған. Тез арада көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын суытуға бөлек өрт оқпандары берілді" , - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908868-almaty-oblysynda-mesitten-sadaqaga-arnalgan-aqsany-urlagan-kudikti-ustaldy/