Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан науқасты аман алып қалды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы науқасты аман алып қалды. Жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Исагил Тасим 4 сәуір күні өте ауыр хәлде ауруханаға түсіпті.

Оны дәрігерлер «Атамекен» медициналық орталығынан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметімен ауыстырған.

Өкпесінің 80 пайызы зақымдалған 52 жастағы азаматтан коронавирус инфекциясы анықталыпты. Оған қоса, ол өздігінен демала алмағандықтан, аппаратқа қосылған.

Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, айқын интоксикациялық синдромы, тромбоциттің төмен болуы сынды асқынулар болған. Оған дәрігерлер толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерилдық терапия бойынша көмек көрсеткен.

«Он күннен аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырды. Кейін өздігінен тыныс ала бастады. Тыныс алу жиілігі де жақсарған. Алдағы бір-екі күнде ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908890-symkenttik-darigerler-okpesi-isten-syqqan-nauqasty-aman-alyp-qaldy/

pixel