Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері, ажырасқан келіншегін 18 рет пышақтап өлтірген

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралда қала әкімдігінің бұрыңғы қызметкері, ажырасып кеткен әйелін өлтірді деген күдікке ілікті. Қаскөй әйелін 18 рет пышақтап, тіпті тамағынан бауыздап жіберуге тырысқан. Ал марқұмның таныстары бұған күйеуінің қызғаншақтығы себеп болғанын айтады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Марқұммен бірге жұмыс істеген әріптесі қайғылы жағдайдың көз алдында болғанын айтып отыр.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі келіншек жерге құлаған кезде де, пышақтауын тоқтатпай, тіпті тамағынан орып жіберген.

Кәсіпорын басшылығы күдіктінің суретін жұмыс орнына іліп, күзетшілерге ішке өткізбеуді тапсырыпты.

"Үнемі қорқытып жүрді. Жұмысқа бір емес, бірнеше рет келді. Айқай шығарды. Осындай жағдай қыста да болды. Ол ұрысқан кезде бірге қалуға қорқамын деп айтатын еді", - деді құрбысы Әйгерім.

Полиция қазіргі уақытта қандықол қылмыскерді ұстаған. Олардың жорамалына сүйенсек, бұл сұмдыққа қызғаныш себеп болуы мүмкін.

"20 минуттың ішінде полиция қызметкерлері бұл күдіктіні ұстаған болатын. Өкінішке орай, азаматша ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Батыс Қазақстан облыстық баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Енді әкімдіктің бұрыңғы қызметкері, қанды қылмысы Заң тұрғысынан дәлелденсе, сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, телеарна мәліметінше, күдікті Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жұмыс істеген. Бірақ қылмыс жасардан бірнеше күн бұрын ғана жұмыстан кетіпті.

Ал ерлі-зайыптылардың былтыр ажырасқаны белгілі болды. Марқұмның артында екі баласы қалған. Бірі 8 жаста болса, екіншісі 6-да.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908899-oralda-qala-akimdiginin-buryngy-qyzmetkeri-azyrasqan-kelinsegin-18-ret-pysaqtap-oltirgen/

pixel