Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 сыныпқа қабылдау үшін қанша өтініш берілгені белгілі болды

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміз бойынша 20 күннің ішінде 1-сыныпқа қабылдау үшін 75 мыңға жуық өтініш түскен деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желісіндегі парақшасы.

"Алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті", - делінген хабарламада.

Өтініштерді қабылдау электрондық форматта eGov.kz арқылы жүргізіледі.

Мектепке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • баланың туу туралы куәлігі;
  • баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (№026/у-3 нысаны бойынша бала денсаулығы паспорты, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
  • 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

"Қызыл аймақта" орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін тапсыра алады.

Еске сала кетсек, 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау онлайн түрде жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908904-qazaqstanda-1-synypqa-qabyldau-usin-qansa-otinis-berilgeni-belgili-boldy/

pixel