Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен үш тұрғынының денесі табылды деп хабарлайды Қазaқпарат.

Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

"Үш адамның денесі табылды. Олардың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмайды. Жасалған сараптама нәтижесі олардың суықтан үсіп қайтыс болғанын көрсетіп отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін аудандық полиция бөліміне Аманқарағай ауылының 46 жастағы тұрғыны хабарласып, 2020 жылдың 20 қарашасында үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен күйеуі — 49 жастағы Луковенко Сергей Леонтьевичке іздеу салған.

Марқұмның денесін 2021 жылғы 19 сәуір күні жергілікті тұрғын тауып алған.

Сондай-ақ, 19 ақпан күні Диевка ауылының 35 жастағы тұрғыны Феоктистов Юрий Николаевич жоғалып кеткен. Оны да әйелі іздеп, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Марқұмның денесін 19 сәуір күні жергілікті кәсіпорынның жұмысшысы тауып алды.

Ал 19 сәуір күні полиция қызметкерлері жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесінде Құсмұрын ауылының маңынан Мифтахова Валентина Антоновнаның денесін тапты. Ол биыл 6 наурызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908929-qostanai-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-us-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel