Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ер адам шарқ ұрып іздеген 17 жастағы қыз достарының пәтерінен табылды

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 17 жастағы ақтөбелік бойжеткенді іздеу жұмысы жүргізілді деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, №3 қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны қоңырау шалып, 2004 жылы туған қызының үйіне оралмағанын жеткізген.

Соның нәтижесінде іздестіру іс-шараларына Ақтөбе қаласы полиция басқармасының қызметкерлері, полицияның кешенді күштері және криминалдық полиция қызметкерлерінің жұмылдырылғаны белгілі болды.

Өтініш түскен сәттен бастап іргелес аумақтар, орман алқаптары, қараусыз қалған құрылыс обьектілері тексерілген.

Іздестіру шараларының арқасында 17 жастағы бойжеткен табылды. Оның достарымен бірге жалдамалы пәтерде болғаны анықталып отыр.

"Бала үйінен бірінші рет хабарсыз кеткен кезінде ата-ана мұқият болуы керек. Себебі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Баланың пікірін білген дұрыс. Сонымен қатар, уақытты жоғалтпау үшін дереу полицияға хабарласуы керек. Жоғалған қыздың ата-анасы полицияға түн ортасында хабарласқан. Ал ол уақытқа дейін өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізген", - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қызылордалық полицейлер үш жыл бұрын жоғалған ер адамды еліміздің басқа өңірінен тапқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908934-aqtobede-er-adam-sarq-uryp-izdegen-17-zastagy-qyzy-dostarymen-paterde-bolgan/

pixel