Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онлайн сауда жасадым": Кәсібін 4 жиһаздан бастаған миллионер ару туралы білесіз бе

Опубликовано:

Дереккөз
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тумасы Ысқақ Қымбат Ысқаққызының мамандығы - ағылшын тілінің мұғалімі. Өмір бойы ұстаз болған анасының жолын қумақ болған ол жоғары курстарда жиһаз салонына жұмысқа тұрып, кейін осы салада бизнес ашуды жөн көреді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ару пандемия кезінде кәсіпкерлер дағдарыстан қалай шыққанан айтып берді.

Қымбаттың айтуынша, бастапқыда туыстары оның саудада жүргеніне қарсы болыпты.

"Үйдегілер әрине қарсы болды, бірақ өзіме жұмысым ұнайтын. Сөйтіп бірнеше жыл тәжірибе жинаған соң өз ісімді бастадым. Бастапқы екі жылда қиын болды. Туыстарым тіпті менің жиһаз сататын бизнесім барын да білмеді. Олар мені бұрынғыдай сатушы деп ойлап жүрді. Өзім жинаған жалақыма орынды жалға алып, ИП ашып, кішкене жұмыс істеген соң кассовый аппаратымды алып, бизнесті бастадым. Айтпақшы бастапқыда бизнесімді 4 диванмен бастаған болатынмын. Қазір дивандар өте көп, тең таңдай білсеңіз болды",-дейді жас кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол пандемияның бизнеске қалай әсер еткенін де айтып берді.

"Пандемия бизнеске кері әсерін тигізгені рас. Шыдамай бизнестерін жауып жатқан қанша адамдарды көріп те, біліп те жүрмін. Бірақ өзім қатты қиналмадым. Себебі біз тұрған сауда орнының басшылары жұмыс істемеген айлардың ақшасын алмады, кей айларда жеңілдікпен төлеп тұрдық. Онлайн сауда жасадым. Оқырмандардың көпшілігі сенім артқандықтан болар, саудаға рұқсат берілмей тұрғанда, онлайн дүкенмен сауда жасап жүрдім. Сосын кәсіпкерлерді 3 жыл салықтан босату да өзінің оң әсерін берді деп ойлаймын",-деді бойжеткен.

Кәсіпкер жеке кәсібінен шаршамайтынын, керісінше одан қосымша күш алатынын жеткізді.

"Қанша жылда шаршадым деп айтып көрмеппін. Керісінше жұмысым емес, оған сүйікті ісім, хоббиім ретінде қараймын. Сосын отандық өнімге тоқталғым келіп отыр. Көпшілік Қазақстанда жасалғанын білсе, сапасыз деп ойлап жатады. Бірақ олай емес, бізде де сапалы жиһаз сататындар бар. Біздің жиһаздардың бағасы да қатты қымбат болмайды. Жас кәсіпкерлерге айтарым, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Басында қиын болса да, еш мойымаңыз. Аянбай еңбек етсеңіз, міндетті түрде жемісін көресіз", - деп сөзін түйіндеді Қымбат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908947-onlain-sauda-zasadym-kasibin-4-zihazdan-bastagan-millioner-aru-turaly-bilesiz-be/

pixel