Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның халық әртісі пәтеріне бөтен адамның тіркелгенін айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглу пәтерінде бейтаныс адамның тіркелгенін күтпеген жерден білгенін жеткізді.

Бұл туралы өнер иесі Евразия бірінші арнасының тілшісіне айтып берді.

Кесоглу "шақырылмаған қонағын" суық судың ақысын төлеу кезінде білген. Компанияның түбіртегінде онымен бірге тұратын адамдардың санының өзгертілгені көрсетіліпті.

Әнші аталған мәселені шешу үшін тиісті мекемеге жүгінген, алайда олар халыққа қызмет көрсету орталығына баруды ұсынған.

"Олар Egov-қа хабарласу керектігін айтты. 1414 нөмірін берді. Мен аталған нөмірге екі күн қоңырау шалдым, алайда тұтқа бос емес болды. Біз 25 жылдан астам уақыттан бері осы пәтерде келіншегім екеуімз ғана тұрамыз. Олар сұрамастан үш адам деп жазып, үш адамға төлейтін ақыны көрсетті", - деп ашуланды әртіс.

Кесоглу ақыры халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, үйінде расында үш адамның тіркелгенін анықтаған: өзі, келіншегі және тағы бір әйел.

Әртістің айтуынша, аталған азаматшаны ол 2000 жылдары тіркеуден шығарған.

Бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген халыққа қызмет көрсету орталығы мәселені тез арада шешуге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908951-qazaqstannyn-xalyq-artisi-paterine-boten-adamnyn-tilkelgenin-aityp-dabyl-qaqty/

pixel