Бұрынғы жемқорларды жұмысқа алғандар қанша айыппұл төлейді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Пара алған қазақстандықтар айыппұл төлеп, қылмыстық жазаға тартылып қана қоймай, мансап жолында өсу мүмкіндігінен айырылады. Ал бұрынғы жемқорларды жұмысқа алғандарға қандай жаза қолданылады? Нурфин материалынан оқыңыз.

Жемқорлық- пара алумен, қамқорлық жасаумен және өз көздеген мақсаты үшін өкілетін асыра пайдаланумен байланысты жасалатын қылмыс. Пара алу мен жосықсыз бәсеке салдарынан көрсетілетін қызметтер мен тауарлар сапасы нашарлайды. Осылайша, ел экономикасы айтарлықтай зардап шегеді.

Мәселен, 2020 жылдың үш тоқсанында жемқорлық құқықбұзушылық салдарынан елге 20,8 млрд залал келген. Бұл 2019 жылдың дәл сол уақыт аралығымен салыстырғанда 34 пайызға көп көрсеткіш. Жемқорлық қауіп-қатер ықтималдылығын азайту мақсатында жұмысқа жемқорларды қабылдау мәселесі бойынша жаңа ережелер қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енді бұрынғы жемқорларды жұмысқа қабылдаған басшылар айыппұл төлейтінін мәлімдеді.

Айыппұл мөлшері

Жемқорлық құқықбұзушылыққа жол берген тұлғалар негізінде өз қызметінен босатылып, алдағы уақытта сол салада қызмет ету мүмкіндігінен айырылады. Осыған дейін мұндай тыйым тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылық лауазымдарына ғана қолданылған еді. Бұл - мемлекет акционерлік ететін ұйымдардың: мемлекеттік корпорациялардың, ЖШС, акционерлік қоғамдастық пен ұлттық холдингтер, компаниялар мен басқалардың басшылары.

2021 жылдың басынан бастап Қазақстанда жемқорлық үшін сотталғандарды квазимемлекеттіксектордың кез келген қызметіне жұмысқа алуға толығымен тыйым салынды. Бұл түзетулер ҚР Еңбек және Әкімшілік кодексіне енгізілді.

Енді мемлекеттік орган мен ұлттық компания басшылары бұрынғы жемқорларды жұмысқа алғаны үшін 100 АЕК немесе 291 700 теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Жемқорлық үшін басқа жаза түрлері

Осыған дейін мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілетін тұлғаларға сыйлық бергені үшін қазақстандықтарды қандай жауапкершілік күтіп тұрғаны белгілі болған еді. Мәселен, 2 АЕК-тен (5834 теңге) арзан тұратын сыйлық үшін қазақстандықтар 200 АЕК-ке дейін, яғни, 600 мың теңге төлеуі мүмкін.

Ал мемлекеттік қызметкерге сыйлық берген заңды тұлғаға 700 АЕК немесе 2 041 900 теңге айыппұл қарастырылған. Қылмысты қайта жасағандар 1500 АЕК немесе 4 375 500 теңге айыппұл арқалайды. Ал сыйлық құны 2 АЕК-тен (5834 теңге) асса, сыйлық берген қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлер заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не қызмет көрсетулерді жеке өзі немесе делдал арқылы алғаны үшін 600 АЕК немесе 1 750 200 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Ал егер олар 2 АЕК-тен қымбат тұратын сыйлықты қабылдаған болса, қылмыстық жаза қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908954-buryngy-zemqorlardy-zumysqa-algandar-qansa-aiyppul-toleidi/