"Үлкені 29-да, кішісі 5-те": Он сегіз баласы бар семейлік жанұя қалай күн кешіп жатыр

Опубликовано:

Дереккөз
Дереккөз: oskementv.kz

Семейлік ерлі-зайыптылар Виктор мен Ольга Кандыба 18 баланы тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені 29 жаста болса, кішісініңи жасы 5-те екен. "Басты байлығымыз – балалар" деп санайтын үлкен отбасы көпбалалы болудан қорықпау керек екенін айтады. Бұл туралы Қазақстан телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ерлі-зайыпты Кандыбалардың айтуынша, мемлекет бүгінде көпбалалы отбасыларға барлық жағдайды жасап отыр. Сол себепті балаларды дүниеге әкеліп, оларға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың басты парызы дейді олар.

"Біздің сиыр мен құс ұстаған шағын шаруа қожалығымыз болды. Семейге келген соң да ферма ашып, мал ұстадық. Балаларымыздың үлкендері, яғни 9-ы Зырянда дүниеге келген, ал қалған 9-ы Семейде өмірге келді. Балалар болашақта аяқтан тік тұрып, өмірде өз жолын табу үшін, оларды еңбекке баулып, барынша тәрбиелеп жатырмыз", - дейді көпбалалы ана.

Виктор мен Ольга Кандыбаның 18 баласының 13-і ұл болса, 5-еуі қыз бала екен. Ұлдарының көбі техникалық білім алғанымен, ата-анасына шаруашылық жүргізуге көмектесіп, септігін тигізіп жүр.

"Балалардың қызығын болашақта да көреміз деп ойлаймыз. Қазірдің өзінде олар бізге бәріне көмектеседі. Осындай үлкен отбасы болғанымыз үшін қуаныштымыз әрі бақыттымыз. Үлкен ұлдарым әкесімен де, менімен де сырласады. Балаларымыз шүкір, бір-бірімен тату. Бір-бірімізден қашан да көмекті аямаймыз", - дейді көпбалалы отбасы.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар болашақта басқа елге көшу жайлы ойлары да жоқ екенін жеткізді.

"Қазақстаннан көшу туралы ойымыз ешқашан болған емес. Үлкен апайларымыз Мәскеудің маңында тұрады, тіпті бізді де талай шақырған. Бірақ біз ешқайда барғымыз келмейді, себебі балаларға өз елдері жақсы, олар Қазақстаннан кеткілері келмейді. Қазақстанның адамдары өте көпшіл, бауырмал", - дейді ерлі-зайыптылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908991-ulkeni-29-da-kisisi-5-te-on-segiz-balasy-bar-semeilik-zanuya-qalai-kun-kesip-zatyr/

jitsu gif