ШҚО полицейлері 10 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басылымның жазуынша, 2011 жылдың қарсаңында күдікті үш серіктесімен бірге облыс орталығындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған. 

Олар дүкеннен 3,5 млн теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен. Кейін аталған қылмысқа қатысы барлардың барлығы ұсталып, сотталған, алайда күдіктілердің бірі осы уақыт ішінде бостандықта жүрген.

10 жыл өткеніне қарамастан, осы жылы ШҚО криминалдық полициясының қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмысын күшейтіп, нәтижесінде ол анықталып, ұсталған.

"Күдікті жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әріптестердің көмегімен сәуір айының басында Алматы қаласында ұсталды", - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Алдағы уақытта ол Өскемен қаласына ауыстырылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Нарынқол ауылындағы мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мешіттен 150 мың теңге көлеміндегі қаржы қолды болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909023-sqo-policeileri-10-zyldan-beri-izdeude-zurgen-kudiktini-ustady/