Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында футболдан турнир ұйымдастырған тұрғынның басы дауға қалды

Опубликовано:

Футбол
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында карантин кезінде футболдан турнир ұйымдастырған тұрғын анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын жіті бақылауда ұстап келеді. Тәртіп сақшылары күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізіп отырады.

Осындай кезекті рейд барысында күндізгі сағат 15:30 шамасында Мақтаарал ауданына қарасты Ынталы ауылында 50-ге жуық адамды жинап, футболдан турнир ұйымдастырған тұрғын анықталған.

Нәтижесінде Түркістан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын өрескел бұзған азаматқа байланысты ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданған.

Айта кетейік, осыған дейін Қапшағайда казино күзетшісі мониторингтік топ тексеріп келген уақытта оқ атқанын жазған едік.

Алматы облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 18 сәуір күні сағат 23:00 шамасында болған.

"Күзетші мониторингтік топтың жұмысына қарсылық танытты. Ол өз қаруымен аспанға бір рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Ер адам сол жерде ұсталды, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - дейді полицияның баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909026-turkistan-oblysynda-karantin-kezinde-futboldan-turnir-uiymdastyrgan-turgynnyn-basy-dauga-qaldy/

pixel