Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: ortcom.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Кудряченко хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Экс-министрдің ісіне қатысты сот отырысы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Сот шешімі бойынша, Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды.

"Бірақ белгілі бір уақытта үйден шығуға құқы бар", - дейді адвокаты Дмитрий Кудряченко.

Оның сөзінше, бұл жолы үйқамақта ұстау шарттары біршама жеңілдетілген.

"Сот үйқамақты жеңілдетіп, қоғам мен жанұясына пайдалы болу үшін сағат таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Алайда, қалған шектеулерге келсек, әрине қорғаушы тарап келіспейді. Қорғаушы тарап оны үйқамақтан толығымен босату керек деп санайды", - дейді Дмитрий Кудряченко.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат өткен жылдың қазан айының соңында пайда болған еді.

Кейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады. Соңғы рет Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Ал бүгін желіде бұрынғы министрдің суреті тарап кетті. Көпшілік Біртановтың қазіргі халіне алаңдаушылық білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909055-elzan-birtanovty-uiqamaqta-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/

pixel