Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда Каспий жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды (фото)

Опубликовано:

түйе36
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жануарлардың өлексесі 20 сәуірде Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты "Көсе" деген жер, ел ішінде "Досхана қорасы" аталып кеткен жер) табылған.

Мамандардың айтуынша, түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін.

"Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген. Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр", – дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысындағы Кузьмин тоғанында балықтың жаппай қырылуы тіркелген еді. Өлі балықтың жалпы салмағы 4 тоннаны құраған.

Алдын ала болжам бойынша балықтың жаппай қырылуына қыс мезгілінде су деңгейінің төмендігіне байланысты (1,0-1,5 метр) судағы оттегінің жетіспеушілігі себеп болған.

Мамандар лабораториялық зерттеу жүргізілгеннен кейін балықтың жаппай қырылуына нақты не себеп болғанын хабарламақ.

Сонымен қатар, Павлодар облысында полиция қызметкерлері Борлы көлінен мұздың астында сіресіп қатып қалған 26 жылқыны тауып алған еді.

Осы орайда тәртіп сақшылары малды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909081-mangystauda-kaspii-zagalauynan-20-ga-zuyq-tuienin-oleksesi-tabyldy/

pixel