Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құбыр төсеу кезінде ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Құбырлар
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда ауызсу құбырын тартып жатқан кезде жұмысшы мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай 20 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай ауданы, "Ақжар" шағынауданында болған.

Ер адамның қазасы туралы әріптесі Facebook-тегі парақшасында хабарлаған.

"20 сәуірде Ақжарда саяжай тұрғындарына суару құбырын салу кезінде біздің әріптесіміз жоғары вольтты сымды іліп кетіп, сол жерде көз жұмды", – деп жазды ол.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, адам өлімі фактісін Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда", – деп атап өтті полициядан.

Сонымен қатар Наурызбай ауданының әкімдігі осы жағдайға байланысты сәл кейінірек түсініктеме беретінін айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде ер адамның трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кетіп, қайтыс болғанын хабарлаған едік.

"Біріккен энергетикалық сервистік компания" АҚ-ның мәліметінше, тоқ өткізіп тұрған бөліктермен физикалық байланысқа түсу кезінде қысқа тұйықталу пайда болып, салдарынан ер адам көз жұмған.

Мамандардың сөзінше, электр қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

Осы орайда "БЭСК" АҚ өкілдері трансформаторлық қосалқы станциялар аумағына ену адам өміріне қауіпті екендігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909084-almatyda-qubyr-toseu-kezinde-er-adam-qaza-tapty/

pixel