Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ахметжан Есімов Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Ахметжан Есімов
Ахметжан Есімов. Фото: egemen.kz

Ахметжан Есімов еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды elbasy.kz.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елбасы Ахметжан Есімовке "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс айтқан еді.

Нұрсұлтан Назарбаев Есімовтің басшылығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.

Сонымен қатар Елбасы бұл нәтиже негізінен Ахметжан Есімовтің жоғары жауапкершілігі мен зор кәсіби тәжірибесінің арқасында мүмкін болғанын айтты. Сондай-ақ тұңғыш президент Есімовтің басқа да маңызды мемлекеттік лауазымдарда жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындағанына тоқталған болатын.

Еске сала кетсек, 29 наурызда Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның" төрағасы қызметінен босатылды. Оның орнына 2018 жылдан бері "Самұрық-Қазынаның" активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болған Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909085-axmetzan-esimov-elbasynyn-stattan-tys-komeksisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel