Ақмола облысының 49 жастағы тұрғыны бес күннен бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 49 жастағы ер адамға іздеу жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне 47 жастағы ер адам хабарласып, 1971 жылғы інісінің табылмай жатқанын хабарлаған.

Оның сөзінше, Көкен Нұрлан сәуірдің 17-сі күні кешкі сағат 21:30 шамасында Қосшы кентіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған ер адамның бойы 170-175 см, дене бітімі орташа, шашы қара, мұрны түзу, ерні жұқа, құлағы қалқаңдау.

"Жедел іздестіру шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары қонақ үйлер, жалға берілетін пәтерлер, компьютер клубтары, сауда орталықтары, түнгі клубтар, шаруа қожалықтары, автокемпинг, қараусыз қалған құрылыс, құрылыс алаңдары, саябақ пен скверлер, кәріз коллекторлары, гараж кооперативтері, саяжайлар, өзендер мен су айдындарын тексеріп шығып, қоғамдық көлік және жеке тасымалдаумен айналысатын такси жүргізушілерінен сұрастырды", - дейді ведомстводан.

Құзырлы органның дерегінше, алайда әзірге нәтиже жоқ.

Полиция қызметкерлері жоғалған Көкен Нұрлан туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса 8(716-2) 29-10-67, 29-10-68, 29-11-22, 8-778-907-03-01 байланыс нөміріне немесе Ақмола облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарласуды сұрайды.Телефон нөмірі: 8(716-2) 29-10-07, 29-10-08.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909180-aqmola-oblysynyn-49-zastagy-turgyny-bes-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/